Токиоға барған угандалық спортшы із-түзсіз жоғалып кетті

Токио Олимпиадасына ұлттық құраманың құрамында барған угандалық спортшы жоғалып кетті, деп хабарлады Prosports.kz.

Бұл туралы Kyodо агенттігі жергілікті биліктің есебіне сілтеме жасап мәлімдеді. Жақында 20 жастағы спортшы Осака префектурасында жаттығып жүрген.

Угандалық команда жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін Жапонияға алғашқылардың бірі болып келді. Ойындарды ел астанасы Токио қабылдайды.