Қазақстандық теннисші Будапештегі жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі WTA 250 сериялы турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Путинцева украиналық спортшы Катерина Козлованы 6:7, 6:0, 7:5 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 38 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін 1/8 финалда Путинцева Хорватия өкілі Ану Конюхты 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.