Триатлоннан ересектер арасындағы ел чемпионаты өткізілмейтін болды

Триатлоннан Павлодар қаласында өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» .

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ел чемпионатының өткізілмеуіне басты себеп – Павлодар облысындағы карантиндік шектеулердің күшейтілуі. Шектеулерге байланысты аймақта спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Осылайша, 2021 жылғы жарыс кестесіне бірқатар өзгерістер енді. 24 шілдеде Павлодарда өтеді деп жоспарланған ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылмайды.

Сондай-ақ 7 тамыздағы жастар ойыны Қарағанды облысындағы Сарань қаласына ауыстырылды.