Токиодағы Олимпиада ауылында алғашқы коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелді

Ақпараға қарағанда COVID-19 шетелдік делегация мүшелерінің бірінен анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ науқас қай елдің азаматы екені жарияланбай отыр. Ол екі апталық карантинге жатқызылған. Жалпы шілде айынан бері Олимпиадаға қатысы бар 45 адамнан коронавирус анықталыпты.

Еске сала кетейік, Токиода шілденің 23-інен тамыздың 8-і аралығында жазғы Олимпиада ойындары өтеді.