Юлия Путинцева Будапешттегі турнирдің жартылай финалына өтті

Венгрияда WTA 250 санатындағы теннис турнирі жалғасуда.

Аталған сынға Қазақстан атынан Юлия Путинцева қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда Путинцева украиналық Катеран Козлованы ұтты. Кездесу 6:7(4), 6:0, 7:5 есебімен аяқталған.

Келесі айналымда Юлия венгриялық Далма Галфимен өзара мықтыны анықтайды.