Алғашқы жеңіс! Сергей Морозов Лас-Вегастағы UFC турнирінде сәтті өнер көрсетті

Алғашқы жеңіс! Сергей Морозов Лас-Вегастағы UFC турнирінде сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізді.

Arlan MMA Pro Team атынан шығатын 32 жастағы спортшымыз Лас-Вегастағы UFC Vegas 31 жарысына қатысты. Морозов неміс Халид Тахамен кездесті.

Аса жеңіл салмақтағы (61,2 келі) үш раундқа жоспарланған кездесу барлық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Сергей Морозов жеңіске жетті.

Осылайша, Сергей америкалық промоушендегі алғашқы жеңісін тойлады.

Өткен аптада UFC 264-те тағы бір қазақстандық Жалғас Жұмағұлов бірінші раундта америкалық Джером Ривераны ұтқан еді.