Бублик Ньюпорттағы турнирдің финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпорттағы турнирдің жартылай финалында оңтүстік африкалық Кевин Андерсоннан жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу 6:4, 6:7, 5:7 есебімен аяқталды.

Финалда Андерсон Д.Бруксби (АҚШ) - Д.Томпсон (Австралия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.