424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тур де Франстың» ақырғы кезеңінде Луценко ондыққа ілінді

  • 70
  • UPD: 12:45, 19.07.2021
«Тур де Франстың» ақырғы кезеңінде Луценко ондыққа ілінді

Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын тағы бір спортшы Алексей Луценко «Тур де Франста» алдыңғы ондықтан табылды.

Велокөпкүндіктің соңғы кезеңінде шабандоздар Шату мен Париж қалалары арасындағы 108 шақырымды жүріп өтті. Нәтижесінде бельгиялық Ваут Ван Арт топ жарды. «Астана» сапында ең тәуір көрсеткіш Алекс Аранбуруда. Ол мәре сызығын сегізінші болып кесті. Алексей Луценко  мен Йон Исагирре сәйкесінше 44 және 85-ші болып аяқтады. Ал жалпы есепте Луценко 7-орында тұр. Қазақстандық клуб сапындағы басқа спортшылар Йон Исагирре 26, Якоб Фульсанг 38, ал Омар Фраиле 57-сатыларға тұрақтады. 21 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша словениялық Тадей Погачар жеңімпаз атанды.

Хабар 24 телеарнасы