Криштиану Роналду жұмбақ мәлімдеме жасады

Криштиану Роналду жұмбақ мәлімдеме жасады
Газета.Ру

Футболдан туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Футболшы Instagram желісінде «Роллс-Ройспен» түскен суретін салып, «шешім қабылдайтын күн» деп жазды.

Бұған дейін туриндік клуб Роналдумен 2023 жылға дейін жаңа келісім жасағысы келетіні хабарланған болатын. Ол бойынша, португалиялық шабуылшының жалақысы жылына 31 миллион еуродан 20 миллионға дейін төмендейді.

Ал L'Équipe мәліметінше, «Ювентус» Роналдуны «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Мауро Икардиге айырбастауы мүмкін.

Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік «Ювентусте» өнер көрсетеді. 36 жастағы португалиялық шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.

Ал Икарди 2019 жылы 80 миллион еуроға сатып алу құқығымен ПСЖ-ге өтті. 2020/21 жылғы маусымда Икарди барлық турнирде 26 матч өткізіп, 12 гол соғып, алты сәтті пас берді.