АҚШ-тың екінші ракеткасы коронавирус садарынан Олимпиадаға қатыса алмайды

Теннистен АҚШ құрамасының екінші ракеткасы Кори Гауфф коронавирус салдарынан Токиодағы Олимпиадаға бара алмайды.

Бұл туралы спортшының өзі Twitter желісінде хабарлады, деп жазады vesti.kz.

«Олимпиадада АҚШ намысын қорғауды әрдайым арман еткенмін, болашақта мұндай мүмкіндік бола жатар. Командаға сәттілік және барлық қатысушыға қауіпсіз ойын тілеймін», – деп жазыпты 17 жастағы спортшы.

Гауфф WTA рейтингінде 25-орында, карьерасында ол WTA титулын екі рет ұтқан.

Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығы өтеді.