Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы болып қалды. Путинцева жеті позицияға көтеріліп, 35-орынға жайғасты, деп хабарлады prosports.kz.

Еске сала кетейік, жақында Юлия Будапештте өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Зарина Дияс үш позицияға көтеріліп, 99-шы теннисші ретінде Үздік жүздікке қайта оралды. Жұптық разрядта Анна Данилина 120-орыннан 119-ға көтерілді.

Сондай-ақ...