424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио-2020: Олимпиада ойындары басталмай жатып, жанжал шықты

  • 434
  • UPD: 21:19, 19.07.2021

Дүбірлі додаға қатысу үшін Польшадан Жапония астанасына келген 6 жүзгіш үйіне қайтуға мәжбүр болды.

Оған құжатта кеткен қателік себеп. Әуелде Олимпиада ойындарына өтініш бергенде, Польшаның жүзуден ұлттық құрамасында 23 спортшы тіркеліпті. Алайда құжатта қателіп кетіп, тізімде 17 адам қалған екен. Спортшылар мұны Токиоға ұшып келгенде ғана білсе керек. Сондықтан алтауы ойынға қатыспай, кері қайтқан. Енді атлеттер Польшаның жүзу федерациясының президентінің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Алисия Чурж, спортшы:

– Тізімде есімім жоқ екенін естіп, көңілім түсіп кетті. Ашуым да келіп тұр. Біз бұл ойындарға ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Жеке өмірімізді шетке ысырып қойып, бар күш-жігерімізді осы додаға жұмсадық.

Бұған дейін Токиодағы Олимпиадаға қатысты тағы бір жанжал шыққан еді. Угандадан келген ауыр атлет ПТР-тест тапсыру алдында қонақ үйден жоғалып кеткен. Ол отанына кері қайтпай, Жапонияда жұмыс істегісі келетіні туралы хат қалдырған екен. Енді қазір 20 жастағы спортшыны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.      

Хабар 24 телеарнасы