Шахмат: Қазақстандық Ринат Жұмабаев сенсациялық жеңіске қол жеткізді

Дәл қазір Сочи қаласында шахматтан әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміз іріктеу кезеңі аясында америкалық Фабиано Каруанамен жолықты. Каруана қазір Халықаралық теннис федерациясының рейтингіде екінші тұр. Тіпті 2018 жылы норвегиялық Магнус Карлсенмен кездесіп, әлем чемпионы атағын сарапқа салған. Бұл жолы қазақстандық спортшыға жол берді. Екі партиядан тұратын ойында Ринат басым түсті. Соның арқасында әлем кубогының 1/16 финалына жолдама алды. Енді оның қарсыласы тағы бір америкалық және украиналық шахматшыларының кездесуінен кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Сочидегі бәсеке 6 тамызға дейін жағасады. Оның жалпы жүлде қоры 1 миллион 890 мың АҚШ долларын құрайды.