Жәнібек Әлімханұлы: Маған титул керек

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазқастандық боксшы бұл жолы «Твиттердегі» парақшасына жазба қалдырған. Ол жерде орта салмақтағы әлем үздігі Деметриус Андраде мен Хайме Мунгияның есімдері аталады.

«Қай-қайсымен де кездесуге дайынмын. Маған чемпиондық белдік керек», - делінген хабарламада. Осы мақсатта Бүкіләлемдік бокс ұйымы мен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенттеріне және өз промоутері Боб Арумға жекпе-жек кешін өткізуге қатысты өтініш жасаған.

Айта кетейік, Жәнібек жуырда ғана бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты жеңген болатын. Осылайша, орта салмақтағы жерлесіміз бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында да басым болды. Тіпті алтауын уақытынан бұрын аяқтады.

Сондай-ақ...