Қазақстандық спортшылар Олимпиада алдындағы әзірлікті пысықтап жатыр

Ұлттық құрама Токио төріндегі дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қазақстандық спортшылар Олимиада алдындағы әзірлікті пысықтап жатыр. Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 23 шілдеде өтеді. Дәл сол күні ескек есу мен садақ атудан жарыстар басталады. Ал, Олимпиадаға параллель өтіп жатқан спорттық шаралар жайында алдағы топтамада.