Украинада 97 жастағы теннисші Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Украинаның 97 жастағы тұрғыны әлемдегі ең егде теннисші деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасы 90-нан асқан қарсылас таппаған соң Гиннестің рекордтар кітабына өтініш тастаған. Қазір ол кезекті әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Осылай үзбей жаттығып жүргеніне 30 жылдың жүзі болған.  Ақсақал «жүзге жету - мұратым» дейді. Тағы бір арманы - әйгілі теннисші Роджер Федерермен бақ сынасу.

Леонид Станиславский, теннисші:

- Әдемі, ойнақы спорт. Физикалық жағынан жақсы дамытады. Бұл спорттың тағы бір ерекшелігі - кез келген жаста ойнауға болады. 30 жасымда бастағанмын, қазір 97-демін, әлі ойнап жүрмін.