Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы кезекті рет рейтинг жаңартты деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-орынға көтерілді. 

Путинцеваның дәл бұлай жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды. 

Зарина Дияс 99-шы орынды. Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-орынға құлдырады. Михаил Кукушкин 123-орында. 

Сондай-ақ...