Олимпиада ұраны алғаш рет өзгертілді

«Тезірек, жоғары, күшті» ұраны 1894 жылдан бері өзгеріссіз болатын, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) жаңа олимпиадалық «Тезірек, жоғары, күшті, бірге» ұранын бекітті.

Шешім сейсенбі күні ХОК-тің 138-сессиясында қабылданды. 

«Тезірек, жоғары, күшті» ұранын (лат. Citius, altius, fortius) қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаушы Пьер де Кубертин ұсынған және 1894 жылы алғашқы Олимпиада конгресі бекіткен. Ұран алғаш рет 1924 жылы Парижде өткен Олимпиадада айтылды.

Сондай-ақ...