ХОК ски-альпинизмді Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізді

Ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің 138-сессиясында белгілі болды деп жазады Olympic.kz. 

Олимпиада ойындарында ски-альпинизмнен бес медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер арасында екі, әйелдер арасында екі, аралас эстафетадан бір жүлде өз иесін табады. Жарысқа жалпы есебі 48 спортшы қатысады. 

Ски-альпинизм алғаш рет 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жанкүйерлерге таныстырылды. 

Айта кетелік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.