Еркін күрес: қазақстандық жасөспірім Будапештте финалға шықты

Венгрия астанасы Будапештте еркін күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық балуандар аталған сында сәтті өнер көрсетуде деп жазады Olympic.kz. 

55 келіде белдескен Нұрланбек Әбдінұр әлемдік сынның ақтық сынына өтті. Ол финалда ресейлік Магомед Байтукаевпен белдеседі. 

48 келідегі Нұрданат Айтанов пен 110 келідегі Әлихан Құсайынов әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.