Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырған тағы сегіз адам анықталды

Соңғы тәулікте Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан кем дегенде сегіз адамнан коронавирус анықталды.

Ауруды жұқтырғандардың бірі – Олимпиада ауылында тұрмайтын шетелдік спортшы. Сондай-ақ коронавирус алты жапондық мердігерден және Олимпиаданы өткізуге қатысатын және олимпиадалық ауылда тұратын бір шетелдіктен анықталды. Ол 12 адаммен тығыз байланыста болған. Шетелдіктердің екеуі де екі апталық карантинге жабылды.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейінгі аралықта өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегерілді, енді олар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.