424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиодағы Олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін

  • 134
  • UPD: 12:30, 21.07.2021
Токиодағы Олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін

Тосиро Муто вирус жұқтырғандар саны көбейіп кетсе, Олимпиаданы тоқтатуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Тосиро Муто сейсенбіде қатысушылар арасында коронавирустық инфекциялар саны күрт көбейіп кетсе, Олимпиада ойындарының тоқтатылуы мүмкін екенін жасырмады.

Спортшылар мен делегация мүшелерінде коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін, демеушілер жұма күні Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысудан бас тартқан.

Қанша адам коронавирус жұқтыратынын болжай алмаймыз. Егер ондай жағдай болса, не істеу керегін ойланып, ақылдасамыз, – деді Муто. 

Кейінірек Токио-2020 өкілі Олимпиада ұйымдастырушылары «100% ойынды ойдағыдай өткізуге бағытталған» деп сендірді.

Ойындарды ұйымдастыру комитеті осы айдың басынан бастап Олимпиадаға қатысы бар адамдар арасында инфекцияның 79 жағдайы туралы хабарлады.

Ал кейінгі 24 сағаттың өзінде спортшылар арасында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталған. 

Бұған дейін Олимпиада ойындарының 26-сы көрерменмен, қалған 724-і бос трибунада өтетіні хабарланған. 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары пандемияға байланысты бір жылға шегерілген болатын. Биыл ойын 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. 

 

Хабар 24 телеарнасы