Токио 2020 Паралимпиадалық ойындары: Қазақстан құрамасы анықталды

2021 жылдың 24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында XVI жазғы Паралимпиадалық ойындары Японияның астанасы Токиода өтеді. Қазақстан тарапынан 25 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды.

Қазақстандық спортшылар Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарына жүзуден 7 жолдама, дзюдодан 6 жолдама, пауэрлифтингтен 5 жолдама, таеквондодан 3 жолдама және жеңіл атлетикадан 2 жолдама ұтып алды. Оған қоса, пара каноэдан және пара нысана көздеп ату спорт түрлері бойынша Паралимпиадалық ойындарға алғаш рет Қазақстан атынан спортшылар жолдама алды.  

Токио-2020 Паралимпийадалық ойындарында Қазақстанның туын пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев пен XV жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Қойшыбаева Раушан көтеріп шығатын болды.

Токио 2020 – бұл Қазақстан Республикасының параспортшылары қатысып отырған алтыншы Жазғы Паралимпиадалық ойындары. 1996 жылдан бері Қазақстан атынан Паралимпиадалық ойындарына алғаш рет жиырмадан артық спортшылар жолдама алып отыр.  

Токио – 2020 Паралимпиадалық ойындарына Қазақстан Республикасының құрама командасы:

Жүзу:

  1. Жұмағали Нұрдаулет
  2. Советқанов Нұрали
  3. Далиев Сиязбек
  4. Салимгереев Ержан
  5. Габидулина Зульфия
  6. Агалаков Роман
  7. Рахимбекова Алия

Жеңіл атлетика:

  1. Мұқашбеков Дастан
  2. Абылқасымқызы Салтанат

Дзюдо:

  1. Аманжол Жанбота
  2. Байбатина Зарина
  3. Даулет Темиржан
  4. Федосова Даяна
  5. Сариев Ануар
  6. Смагулұлы Ғалымжан

Каноэ:

  1. Спатай Бейбарыс

Таеквондо:

  1. Домбаев Нурлан
  2. Омирали Нышан
  3. Досмолова Камила

Пауэрлифтинг:

  1. Дегтярев Давид
  2. Қойшыбаева Раушан
  3. Хамаев Рахмеджан
  4. Абдыхалыкова Гульбану
  5. Солодухина Алина
  6. Жумабаева Айсулу

Нысана көздеп ату

  1. Жумабаева Айсулу