ХОК 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасын атады

Австралияның Брисбен қаласында 2032 жылы 35-ші жазғы Олимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» iz.ru сілтеме жасап.

Шешім Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) Токиода өткен сессиясында дауыс беру кезінде қабылданды.

Қытайдың Чэнду және Чунцин қалалары, Доха, Будапешт, Германияның Рейн-Рур аймағы, сондай-ақ Сеул Пхеньянмен бірге Олимпиада ойындарын өткізу құқығы үшін күресті.

Австралия 1956 жылы Мельбурнде және 2000 жылы Сиднейде Олимпиада ойындарын өткізген болатын.