Токио 2020: қазақстандық спортшылар жарысқа 23 шілдеде араласады

Олимпиада ойындары басталды.

Токиодағы байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Соған қарамастан командалық сындар өтіп жатыр. Мәселен, бүгін софтболдан іріктеу жарыстары басталды. Оның аясында жергілікті әйелдер құрамасы Австралия спортшыларымен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті. Италия мен АҚШ арасындағы кездесуде 0:2, ал Мексика мен Канада арасындағы матчта 0:4 есебі тіркелді. Сондай-ақ бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де өтеді. Ал қазақстандық спортшылар жарысқа 23 шілдеде араласады. Ең алғаш болып садақ ату және ескек есу шеберлері бақтарын сынайды. Қазір спортшыларымыз соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Айта кетейік, ұлттық құрама Токио Олимпиадасына 97 лицензия жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ...