«Қайрат» клубы «Црвена Звезда» командасын жеңді

«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші раундында сербтің «Црвена Звезда» командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматының Орталық стадионында өткен ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

12-минутта Косович жамбастың артқы бетінің бұлшықетін созып алды, нәтижесінде оны алаңнан алып кетті, ал оның орнына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға шықты. 24-минутта Хосе Канте допты қақпаға дәл бағыттады.