424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

  • 78
  • UPD: 09:37, 22.07.2021
Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Танымал америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратты бөлісті, деп жазды prosports.kz.

Бастапқыда Головкин мен Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.

«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», - делінген дереккөздерде.

«Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», - деп жазды Рафаэль.

Хабар 24 телеарнасы