Шахматшылар Сәдуақасова мен Асаубаева Сочиде финалға өтті

Сәдуақасова мен Асаубаева ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Сочи қаласында шахматтан әлем кубогы жалғасып жатыр.

Қыздар арасындағы бәсекеде қазақстандық Динара Сәдуақасова армениялық Элина Даниелянды жеңіп, 1/8 финалға шықты. Енді ол ресейлік Анна Кашлинскаямен жолығады. Ал Бибісара Асаубаев іріктеу кезеңінде Грузия өкілін жеңді. Енді ол шапшаң шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы ресейлік Екатерина Лагномен кездеседі.

Айта кетейік, осы жарыс аясында қазақстандық Ринат Жұмабаев сенсациялық жеңіске қол жеткізген еді. Ол әлемдік рейтингте екінші тұрған америкалық Фабиано Каруананы ұтып, жарыс жолыннан шығарып тастады. Ринат енді тағы бір америкалық Сэм Шенклэндпен өзара мықтыны анықтайды. Сочидегі бәсекенің жалпы қорытындысы 6 тамызда белгілі болады.

Токио төрінде Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Командалық сындар кеше басталған еді. Бүгін енді софтболдан топтық кезеңнің кезекті мачтары өтеді. Яғни АҚШ-Канада, Мексика-Жапония және Италия-Австралия құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Бұған қоса футбодан ерлер арасында бәсеке болады. Ал қазақстандық спортшылар жарыс алаңына ертең шығады. Ең алғаш болып садақ ату және ескек есу шеберлері бақтарын сынайды. Қазір барлық спортшыларымыз соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Айта кетейік, ұлттық құрама Токио Олимпиадасына 97 лицензия жеңіп алған болатын. Токио Олитмпиадасының ресми ашылу салтанаты ертең өтеді.

Сондай-ақ...