424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал

  • 69
  • UPD: 11:37, 22.07.2021
Олимпиада ойындары тарихында болған атышулы 5 жанжал RT

Токио Олимпиадасының басталуына бір күн қалды. 2020 жылы өтуі керек дода пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілген болатын. Олимпиада тарихында бұдан басқа да оқыс жағдайлар көп болған, 

деп хабарлайды «Хабар 24» sntch.com сілтеме жасап.

1. 1904 жылы марафонды автокөлікпен жеңіп алды

Комедияларда мұндай әзіл жиі кездеседі, марафонға жүгірудің орнына біреу таксиге мініп, мәреге жетеді. Бірақ американдық Фредерик Лорц 1904 жылы дәл осылай жасады. Ол жарыс жолының жартысында шаршап қалып, менеджердің көлігімен мәреге жетеді. Лорц мұны әзіл деп түсіндіргенмен, ойыннан шеттетіледі.

2. 1920 жылы Олимпиадада ту ұрланды

1920 жылы Антверпенде өткен Олимпиада ойындары алғаш рет түрлі-түсті сақиналары бар жалаумен өтті. Бірақ ол тек 2 күн ілініп тұрды, содан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Қайда жоғалғаны тек 80 жылдан кейін ғана анықталды. Дайвингтен Олимпиада ойындарының жүлдегері Хейг Прист оны ұрлап кеткен. Спортшы туды 2000 жылы Олимпиада комитетіне қайтарып берді.

3. 1936 жылғы Олимпиадаға қатысқан әйел ер адам болып шықты

Дора Ратье 1936 жылы Германия атынан Берлин Олимпиадасына қатысып, биіктікке секіруден 4 орынға ие болды. Екі жылдан кейін ол Еуропа чемпионатында алтын алып, әлемдік рекорд орнатты. Көп ұзамай Дораның Генрих Ратджен есімді ер адам екені анықталады. Кейін белгілі болғандай, ол барлық атақтан және жарыстарға қатысу құқығынан айырылған.

4. КСРО баскетбол құрамасының ысқырықтан 3 секунд бұрынғы жеңісі

Мюнхендегі Олимпиада ойындары кезінде баскетбол турнирінің финалында КСРО мен АҚШ кездеседі. Матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда американдықтар 50:49 есебімен көш бастайды, бірақ КСРО спортшылары ысқырықтан 3 секунд бұрын допты лақтырып, жеңісті жұлып алады. АҚШ ойыншылары жанжал шығарып, бүгінгі күнге дейін Кеңес Одағының жеңісін мойындамайды.

5. 2002 жылы алтын медальдардың екі жиынтығы

Олимпиадада мәнерлеп сырғанау тарихындағы басты жанжал 2002 жылы болды. Ол кезде Елена Бережная мен Антон Сихарулидзе жұптық жарыста жеңіске жетеді, бірақ канадалық мәнерлеп сырғанаушылар жеңілгендерін мойындамай, жаншал шығарады. Ал қазылар алқасының бір мүшесі орыстардан пара алды дейді. Нәтижесінде канадалықтар екінші алтын жиынтығымен марапатталады.

 

Хабар 24 телеарнасы