Токио-2020: қазақстандық зілтеміршілер А тобында бақ сынайды

Токио Олимпиада ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылардың қарсыласы белгілі болды. Отандық екі спортшы да А тобында сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz

Айта кетелік, Токио додасында ауыр атлетикадан Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон сынға түседі. 

Назарларыңызға Олимпиадада бақ сынайтын зілтеміршілер тізімін ұсынамыз. 

Әйелдер, 55 келі:

- Кристина Шерметова (Түркменстан);

- Габриэлла Лопес (Мексика);

- Эунжи Хам (Оңтүстік Корея);

- Хидилин Диас (Филиппин);

- Муаттар Набиева (Өзбекстан);

- Ляо Цююнь (Қытай);

- Нуха Ландулси (Тунис);

- Зүлфия Чиншанло (Қазақстан);

- Камила Конотоп (Украина).

Ерлер, 61 келі: 

- Юли Ираван (Индонезия);

- Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы);

- Игорь Сон (Қазақстан);

- Ким Туан Тач (Вьетнам);

- Шота Мишвелидзе (Грузия);

- Еичи Итоказу (Жапония);

- Фабин Ли (Қытай);

- Чан-Хун Као (Тайбэй);

- Давиде Рую (Италия).