Олимпиада басталмай жатып теннисшілеріміз тығырыққа тірелді

Қазақстандық Ярослова Шведова жұптық сынға қатысатын спортшы таппай әлек. Әу бастағы жұбы Елена Рыбакина жекелей бәсекеге шығады және бар күшін соған салмақ. Бұл жөнінде вести.кз спорттық порталы хабарлады.

Ал жекелей сында Шведова австриалиялық Айла Томляновичпен жолығатын болды. Рыбакина тағы бір австриалиялық теннисші Саманта Стосурмен кездеседі. Жеребе тарту рәсімі нәтижесі осындай. Әсіресе ерлерге оңай болмайын деп тұр. Қазақстандық Александр Бублик әлемдік рейтингте екінші тұрған ресейлік Даниил Медведевпен жолығады. Тағы бір жерлесіміз Михаил Кукушкин рейтингте өзінен 60 саты жоғары орналасқан аргентиналық Федерико Кориямен кордқа шығады. Теннис бойынша іріктеу сындары 24 шілдеде басталады.

Айта кетейік, жекелей бәсекеде ел намысын 6 спортшы қорғайды.

Сондай-ақ...