425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио-2020: Forbes отандық спортшылардың киім үлгісін үздік деп таныды 

  • 159
  • UPD: 18:19, 22.07.2021
Токио-2020: Forbes отандық спортшылардың киім үлгісін үздік деп таныды 

Олимпиадада ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың киім үлгісі әлемдегі ең үздік формалардың бірі болып танылды.

Бұл туралы forbes.com порталы хабарлап отыр. Тізімге Қазақстанмен қатар АҚШ, Ресей, Либерия, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония мемлекеттері кірді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың киімін дизайнер Салтанат Баймұхамедова әзірледі. Бірақ отандық спортшылар да оның матасын таңдап, эскизін дайындауға атсалысты. Мамандар спорттық форманы әлемдік трендтерді ескере отырып тігіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы