Токио-2020: бокс бәсекесінің жеребе тарту рәсімі өтті

Токиода өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі. Бүгін олимпиада қалашығында жеребе тарту рәсімі өтті.

Оның қорытындысында ең жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов бірінші кездесуін Пуэрто-Риколық Янкиель Ривераға қарсы өткізетін болды. 57 келідегі Серік Теміржанов болса, венгриялық Ролан Гароспен күш сынасады. Зәкір Сафиуллин перулік Леодан Пезомен бокстасады. Сондай-ақ ауыр салмақтағы Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев, сәйкесінше Испания мен Египет боксшыларының осал жерлерін іздеп көрмек. Қалған спортшыларымыздың қарсыластары белгісіз. Бірінші айналымнан кейін анықталады.

Бокс сынындағы жалғыз бойжеткеніміз Надежда Рябец канадалық қарсыласымен кездеседі.

Токиодағы былғары қолғап бәсекелері 24-ші шілде күні басталады.