425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден іріктеу кезеңінде үшінші орын алды

  • 184
  • UPD: 10:07, 23.07.2021
Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден іріктеу кезеңінде үшінші орын алды фото: ҰОК

Токио Олимпиадасында алғашқы қазақстандық спортшы жарыс жолын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық құрама мүшесі Владислав Яковлев академиялық ескек есу бойынша іріктеудің сынына қатысып, үшінші орынды иеленді. Отандасымыз 7 минут 10 секундтан сәл асатын уақыт нәтижесін көрсетті. Бұл бәсекеде даниялық Сверре Нильсен үздік деп танылды. Енді іріктеуден сүрінбегендер 26 шілдеде қайта жарысқа шығып, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-да садақ атудан ерлер санатында Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькиндер өнер көрсетеді. Ал кешкі сағат 17:00-де Олимпиада ойындарының ашылуы болады.

Хабар 24 телеарнасы