Токиода Олимпиада алауының эстафетасы аяқталды

Жұма күні Жапонияда олимпиада алауы эстафетасының соңғы кезеңі аяқталды, Olympic.kz.

Аталған оқиғаға қатысты салтанатты рәсім Токио мэриясы ғимаратының жанында өтуде. 

Эстафетаның соңғы бөлігі 9 шілдеде басталып, 15 күнге созылды. Коронавирусты инфекцияның өршуіне байланысты алау эстафетасы көрермендердің қатысуынсыз, жабық режимде өтуде.

Осыдан соң Олимпиада алауы ойынның ашылу салтанаты өтетін басты олимпиадалық аренаға жеткізіледі. Әзірге алауды кім жағатыны белгісіз. 

Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.