Токио-2020: Футболдан іріктеу кезеңі өтіп жатыр

Токио-2020: Футболдан іріктеу кезеңі өтіп жатыр

Токиода футболдан іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың алғашқы күні күтпеген нәтижелерге толы болды. Мәселен, әлем мықтыларының бірі – Аргентина құрамасы Австралия футболшыларына есе жіберді. Қорытынды есеп: 2:0. Испания Мысырмен тең түсті. Мексика Францияны 4:1 есебмен ұтса, жергілікті жапондықтар Оңтүстік Африка Республикасынан келген командадан 1:0 есемен басым түсті. Бразилия – Германия: 4:2, ал Жаңа Зеландия – Кореч матчында 1:0 есебі тіркелді.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына 16 ерлер командасы қатысып жатыр. Олар 4 топқа бөлінген. Әр топтың үздік екі командасы плей-оффқа шығады. Футболдан Олимпиада аламаны 7 тамызға дейін жалғасады.