Токио 2020: садақ атудан Денис Ганькин алғашқы ондықта

Токиода садақ атудан іріктеу сындары аяқталды.

Нәтижесінде, жерлестеріміз арасынан ең тәуір көрсеткішке Денис Ганькин қол жеткізді. Ол бас-аяғы  669 ұпай жинап, жалпы есепте 9-сатыға тұрақтады. Ал ұлттық құрама сапындағы Ильфат Абдуллин  27-ші, Санжар Мұсаев 52-ші орында. Іріктеу кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш оңтүстіккореялық  Дже Док Кимге тиесілі. Үздік үштікті америкалық және тағы бір кореялық спортшы түйіндеді.

Айта кетейік, дәл осы сында Токио Олимпиадасындағы алғашқы рекорд тіркелді. Әйелдер арасындағы бәсекеде кореялық Ан Сан 680 ұпай жинады. Ол 1996 жылы украиналық Лина Герасименконың көрсеткішін жаңартты.