423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ольга Рыпакова Олимпиаданың ашылу салтанатынан алған әсерімен бөлісті

  • 166
  • UPD: 23:50, 23.07.2021
Ольга Рыпакова Олимпиаданың ашылу салтанатынан алған әсерімен бөлісті

Чемпион Ольга Рыпакова Токиодағы Олимпиаданың ашылу салтанатынан алған әсерімен бөлісті.

Оның айтуынша, шетелдіктерге қазақстан құрамасының костюмдері ұнаған сыңайлы. Бұл костюмдер Ұлттық Олимпиада комитетінің арнайы тапсырысымен тігілді. Эскиздерді әзірлеуге Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының мамандары қатысты, ал дизайнын жасап, тіккен танымал алматылық модельер - Виолетта Иванова. Еске сала кетейік, бүгін 40 қазақстандық спортшы мен бес жаттықтырушы Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі қатысты.

Ольга Рыпакова, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:

- Біздің костюмдерімізге ерекше ықылас бар екені сезіледі. Ашылу салтанаты өткен стадионда, басқа елдерден келген спортшылар суретке түссек деп өтініш айтып жатты. Бұл әрине өз еліміз үшін өте мақтанарлық жағдай. Қазақстандықтар бүгін жарқырап шықты деп айта аламын. Көңіл-күйіміз тамаша.

Хабар 24 телеарнасы