Токио-2020: Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда жеңіліп қалды

Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол бірінші кезеңде қытайлық Ли Янаньмен кездескен болатын.

Екеуара кездесу қытайлық балуанның еншісіне шешіліп, Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады. 

Еске сала кетейік, 2016 жылғы Рио Олимпаидасында Галбадрах қола жүлдегер атанған болатын.