Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. 

Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Есеп – 5:0. 

Серік Теміржановтың келесі айналымдағы қарсыласы – америкалық боксшы Роган Дюк.