425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио-2020: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді

  • 242
  • UPD: 12:41, 24.07.2021
Токио-2020: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасындағы дзюдошылар додасын қазақстандық Елдос Сметов те бастады. Ол екінші айналымда түркиялық балуанды мерзімінен бұрын ұтты деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Елдос Олимпиада ойындарын екінші кезеңнен бастады. Қарсыласы - түркиялық Аққұс Михраж болатын. 

Аталған белдесуді Сметов мерзімінен бұрын аяқтап, «иппон» ұпайын еншіледі. 

Елдостың ендігі қарсыласы - бразилиялық Эрик Такабатике мен Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Жун жұбының жеңімпазы болмақ. 

Хабар 24 телеарнасы