Елена Рыбакина теннистен Токио Олимпиадасының екінші кезеңіне шықты

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады деп хабарлайды Хабар 24.

Рыбакина бірінші айналымда австралиялық Саманта Стосурмен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Еленаның ендігі қарсыласы египеттік Майар Әбделазиз және швециялық Ребека Петерсон жұбының жеңімпазы болмақ.