Ольга Рыпакова Токиодағы «Олимпиада ханшайымы» атанды

Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакова қытайлық көрермендерді тәнті етті.

Танымал Вэйбо әлеуметтік желісінде «ту ұстап шыққан қазақстандық ханшайымға ұқсайды» деген хэштегі бар жарияланымдар шамамен 260 миллион көрілім жинаған.  

Костюмдерді дайындауға Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің мамандары қатысып, әйгілі алматылық сәнгер Виолетта Иванова дизайнмен және тігіншілікпен айналысқан.

 – Өте әдемі.

– Костюмін киіп шыққанда, құдды бір патшалықтың ақсүйегіндей болып кетті.

– Маған да әдемі болып көрінді.

Жалпы бүгін екінші жарыс күні спорттың 7 түрінен 13 қазақстандық сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының трансляциясын сіздер Хабар арнасынан көре аласыздар.