Токио-2020: Александр Бублик ресейлік қарсыласынан ұтылып қалды

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Токио Олимпиадасындағы жекелей сында жеңіліс тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесуде Бублик 4:6, 6:7 есебімен қарсыласына жол  берді. 

Енді Александр Бублик Токио ойындарын жұптық сында жалғастырады.