Токио-2020: Зарина Дияс жарақатына байланысты жарыстан бас тартты

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Зарина Дияс Токио Олимпиадасын бірінші айналымда аяқтады деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан.

Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды.