Қазақстандық команда бразилиялық футболшымен келісімшарт жасады

«Атырау» футбол клубының құрамына 26 жастағы бразилиялық шабуылшы Аллеф де Андраде Родригес қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорттық мансабын бразилиялық «Санта Круз» командасында бастаған футболшы «Петролина», «ФФ Спорт», «Конфиансе» командаларында өнер көрсетті. 2017 жылы Португалияның «Витория Сетубал» клубына ауысқан Аллеф екі маусымнан кейін Калининград қаласының «Балтика» командасына косылды. Ресейлік команда қатарында 43 ойын өткізіп, 15 гол соғып, «Текстильщик» командасына карсы ойында хет-трик авторы атанды.

Аллеф «Мұнайшылар» сапында 99 нөмірмен өнер көрсететін болады.