Forbes журналы Қазақстан командасының формасын ең сәнді дизайндар қатарына қосты

Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді Қазақстан құрамасының киім үлгісі таңдай қақтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің көк байрағын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады. Әдемі көйлек спортшының ажарын одан әрі аша түсті. Шетелдік жанкүйерлер де Олимпиада чемпионының көйлегін жоғары бағалап, мақтау сөздерін жаудырып жатыр.

Ел туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың қазақша стильдегі көйлегі әлем жанкүйерлерінің жоғары бағасына ие болды. Спортшының сымбатын айшықтаған көйлек шетелдік жанкүйерлердің қызығушылығын тудырды. Олар әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионының киім үлгісін мақтап, пікір жазған.

Бақытжан Сұиндықов, Жапониядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі:

- Сондай-ақ спортшы әлеуметтік желіде тағы бір жетістігімен ерекшеленді. «Вейбо» қосымшасының пайдаланушылары скриншот жариялаған. Онда Рыпакова Қытайдың әлеуметтік желілерінде іздеу сұранысы бойынша ТОП-3-ке енген. «Қазақстандық ту ұстаушы қыз» хэштегімен жарияланған жарияланымдар 260 миллионға жуық қаралым жинаған.

Еске сала кетейік, танымал Forbes журналы Қазақстан командасының формасын ең сәнді дизайндар қатарына қосқан. Автор еліміздің Олимпиада құрамасының формасын сипаттай отырып, түстердің сәтті үйлесімін және ең бастысы жобадан командалық еңбектің көрініп тұрғанын атап өтті. Үздік формалар тізіміне бізден бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония құрамалары енген.

Авторы: Әнел Еділқызы