Токио-2020: Медальдар саны бойынша Қытай алда келеді

Жалпы осы Олимпиадада медальдар саны бойынша Қытай алда келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы алтын медальді да Қытай спортшысы иеленді. 21 жастағы Ян Цянь әйелдер арасында пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа ату бойынша жеңіске жетті. Сонымен қатар әйелдер арасында зілтемір көтеруден тағы бір қытайлық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Көрші елдің қоржынында әзірге 2 алтын мен бір қола бар. Қытайдан бөлек тағы 4 мемлекетте алтын бар.

Олар: Эквадор, Иран, Оңтүстік Корея мен Косово.