Велоспортшы Алексей Луценко жүлдеге іліге алмады

Велоспорттан (шоссе) Олимпиада ойындарында сынға түскен қазақстандық Алексей Луценко жүлдеге іліге алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

234 шақырымға созылған жарыс жолын отандасымыз 21-орында аяқтады. Оның уақыты 6:11:46. Луценко алтын жүлде алған Ричард Капарастан +6:20 қалып қойды. Екінші орынды бельгиялық Ваут Ван Арт алса, үздік үштікті словениялық Тадей Погачар түйіндеді.

Ал екінші бір отандасымыз Вадим Пронский 83-орынға жайғасты.