Токио 2020: Әлем елдерінде спортшыларды қолдау шарасы жүріп жатыр

Ақ үй ғимараты АҚШ туының түсімен жарықтандырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Токиодағы америкалық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жасалған шара. Нью-Йорктегі атақты «Эмпайр-стейт-билдинг» де Олимпиада ойындарын қатысатын 200-ден аса елдің әрқайсысының жалауының түсімен жарықтанырылды. Шара 5 сағатқа созылған. Атлеттерге Токио тұрғындары да барынша қолдау көрсетуге тырысып жатыр.

Блиц 1:

- Бертінге дейін Олимпиада ойындары өтпейді ме деп ойлап едік. Бірақ ештеңеге қарамастан дода басталды. Сондықтан спортшыларға қолдау білдіріп, жеңіс тілейміз.

Блиц 2:

- Мен кеше Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын теледидардан көрдім. Бәрі керемет өтті. Әлі ерекше әсерде отырмын.